ҚАЗЫҒҰРТ: БИЫЛ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 94 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҚТАЙДЫ
Қазығұрт ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қарабау және Шарбұлақ ауылдық округтеріне барып, жаңадан салынған тұрғын үйлерді табиғи газ жүйесіне қосу жұмыстарымен танысты. Нәтижесінде Шарбұлақ елді мекеніндегі 110 тұрғын үйге, сондай-ақ Сынтас елді мекеніндегі 120 үйге табиғи газ берілді.
Тұрғындар көптен күткен табиғи газдың берілуіне ризашылықтарын білдірді. Қазіргі таңда Қазығұрт ауданындағы 61 елді мекеннің 55-і табиғи газбен қамтылған. Бұдан бөлек, Атажұрт және Еңбекші елді мекендерінде табиғи газ желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін газбен қамтылған елді мекендер санын 57-ге, ал қамту деңгейін 93,4 пайызға жеткізу көзделген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————-
КАЗЫГУРТ: В ЭТОМ ГОДУ УРОВЕНЬ ГАЗИФИКАЦИИ ДОСТИГНЕТ ПОЧТИ 94 ПРОЦЕНТОВ
В Казыгуртском районе продолжается системная работа по обеспечению населённых пунктов природным газом. Аким района Азизхан Исмаилов посетил сельские округа Карабау и Шарбулак, где ознакомился с подключением новых жилых домов к газовой сети. В результате природный газ был подведён к 110 домам в населённом пункте Шарбулак и 120 домам в Сынтасе.
Жители выразили благодарность за долгожданное подключение к природному газу. В настоящее время из 61 населённого пункта Казыгуртского района газифицировано 55. Кроме того, в населённых пунктах Атажурт и Енбекши ведётся строительство газовых сетей. Согласно плану, до конца года количество газифицированных населённых пунктов планируется увеличить до 57, а уровень газификации — до 93,4 процента.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1289870?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ