Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

2026 жылғы 8 қыркүйекте Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде және Басқарманың 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағының 1.1-тармақшасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас мамандары мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулының мүшесінің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде семинар-кеңес өткізді.Семинар-кеңестің мақсаты Басқарма мамандарына келесі тақырыптарды түсіндіру болды:

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2026 жылғы 19 мамырдағы №290-VIII Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар. Оны қолдану ерекшеліктері және мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған реформалардың маңызы;
    2. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытындағы және жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, цифрлық гигиена және әлеуметтік желілерді жүргізу этикасы;
    3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау.
  2. Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды. Негізгі қағидаттарға патриотизм, кәсібилік, ашықтық, этикалық нормаларды сақтау, мінсіз бедел, сыбайлас жемқорлық пен мүдделер қақтығысына төзбеушілік жатады. Семинар-кеңес соңында қатысушылар арасында белсенді диалог өтіп, оның барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, заңнама талаптарына сәйкес толық жауаптар берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1290290?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version