Шардарада қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту мәселелері талқыланды.

Опубликовано:

Автор:

в категории
Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Шералы Әділханұлының қатысуымен бүгін Шардара ауданында этносаралық келісімді нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, бірлік пен татулық құндылықтарын насихаттау мәселелеріне арналған маңызды кездесу өтті.
Жиын Шардара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған ауыл ақсақалдары мен ардагерлері, ауыл билері, құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері және ауданның белсенді азаматтары толық құрамда қатысты.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы Төребеков ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық және этносаралық татулықты нығайту – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды.
Алғашқы болып Шардара аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев сөз алып, аудан көлемінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындармен кері байланысты нығайту және этносаралық келісімді сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты баяндама жасады. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Өз кезегінде Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Шералы Әділханұлы облыс көлемінде қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, арандатушылық сипаттағы ақпараттардың алдын алу және қоғамдағы ауызбіршілік пен өзара құрметті сақтау бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, ол мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Кездесу барысында ауыл ақсақалдары мен қоғамдық пікір көшбасшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген сауалдарға жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Жиын барысында қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауда ақсақалдар институтының, ауыл билерінің және зиялы қауым өкілдерінің рөлі ерекше екені айтылып, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, заңға құрмет пен патриоттық тәрбиені күшейту мәселелері де сөз болды.
Кездесу соңында ауданның құрметті ардагері Қыстау Ілесов сөз сөйлеп, арнайы келген қонақтарға аудан тұрғындары атынан ризашылығын білдірді. Ол ел тыныштығы мен халықтың ауызбіршілігін сақтау жолындағы игі бастамаларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Жиын өзара пікір алмасу форматында өтіп, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру жөніндегі ортақ ұстаныммен қорытындыланды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1290492?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *