Құрылысшылар күніне орай сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Опубликовано:

Автор:

в категории
Құрылысшылар күніне орай Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының атынан құрылыс саласының ардагерлері мен үздік мамандарына Алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпаттар табысталды.
Мерекелік құттықтауды Шардара ауданы әкімінің орынбасары Каратунов Еркебұлан Абдуғафұрыұлы жеткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан құрылысшылардың шаңырақтарына арнайы барып құрмет көрсетті.
Мерекеге орай Сапаров Нұмаханбет Нартайұлы, Байтұрғанов Тұрсынқұл Байтұрғанұлы, Тәңірберді Ағманов, Ақбердиев Оралбай Бердаұлұлы және Әубәкіров Ақмұрат Құлымбетұлы марапатталып, олардың ауданның өркендеуі жолындағы сүбелі еңбегі ерекше аталып өтті.
Каратунов Еркебұлан Абдуғафұрыұлы құрылыс саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға аудан әкімінің ыстық ықыласы мен алғысын жеткізіп, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі.
Өз кезегінде марапат иелері көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да ауданның көркеюі мен дамуына адал еңбек етуге дайын екендіктерін айтты.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1290519?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *