«Digital Qazaqstan» – ауданның жаңа мүмкіндіктер дәуіріне бастар жол.

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгінде әлемдік даму үдерісі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Жасанды интеллект, үлкен деректер, заманауи ақпараттық жүйелер мен цифрлық сервистер қоғам өмірінің барлық саласына еніп, мемлекеттік басқару мен экономиканың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруда.
Қазақстан да осы бағыттағы ауқымды жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Цифрлық трансформацияның басты мақсаты – азаматтардың өмір сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін күшейту.
Цифрландырудың негізгі артықшылығы – халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Бүгінде көптеген мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшіп, тұрғындардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік беруде. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жетілдіріліп, азаматтарға көрсетілетін қызметтер барынша ыңғайлы әрі қолжетімді бола түседі.
Бұл өзгерістер аудан тұрғындары үшін де маңызды. Цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты нығайтып, ашықтық пен жеделдікті қамтамасыз етеді. Әсіресе ауылдық елді мекендерде цифрлық инфрақұрылымды дамыту тұрғындардың қажетті қызметтерді қашықтан алуына, білім мен ақпаратқа еркін қол жеткізуіне жол ашады.
Цифрлық технологиялар экономиканың барлық саласына жаңа серпін беруде. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, құрылыс және басқа да бағыттарда заманауи технологияларды пайдалану еңбек өнімділігін арттырып, тиімділікті көтеруге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер үшін цифрлық құралдар жаңа нарықтарға шығуға және бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндік береді.
Білім беру саласында да цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Заманауи оқыту құралдары білім сапасын арттыруға, жастардың жаңа дағдыларды меңгеруіне және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Осы ретте тұрғындардың, әсіресе жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру – маңызды міндеттердің бірі.
Сонымен қатар цифрлық даму барысында ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән беріледі. Азаматтардың жеке деректерін қорғау, интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу және ақпараттық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету – басты бағыттардың қатарында.
Шардара ауданында да цифрлық технологияларды дамытуға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және тұрғындардың заманауи мүмкіндіктерді тиімді пайдалануына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларында цифрлық шешімдерді енгізу ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.
Біздің мақсатымыз – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, жастардың білімге және инновацияға ұмтылысын қолдау, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашу және ауданның тұрақты дамуына ықпал ету.
«Digital Qazaqstan» – бұл тек технологиялық жаңғыру емес, бұл – азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін жетілдіруге және еліміздің болашағын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Барша аудан тұрғындарын цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге және еліміздің цифрлық дамуына белсенді үлес қосуға шақырамын.
Бірлесе атқарған еңбегіміздің нәтижесінде заман талабына сай, мүмкіндігі мол әрі бәсекеге қабілетті аудан қалыптастыра аламыз.
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1290526?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version