Бүгін Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша азаматтарға қажетті ақпарат беру және қызмет көрсету тәртібін түсіндіру. Кездесу барысында келушілерге: 🔹 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша толық ақпарат берілді; 🔹 қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері түсіндірілді; 🔹 мамандардан кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды; 🔹 электронды мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша практикалық көмек көрсетілді. Азаматтардың сұрақтарына басқарма мамандары тарапынан түсіндірмелер беріліп, қажетті консультациялық көмек көрсетілді. 📍 Іс-шара Ақтау қаласы, 23-ші шағын аудан, 14 ғимаратта өтті. Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы — халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ашық әрі қолжетімді ақпарат ұсынуды жалғастырады.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-sel/press/news/details/1290315?lang=ru

Exit mobile version