Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының төрағалығымен 2026 жылдың 6 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.
Жиында өңірдің негізгі даму бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, 86 көрсеткішті қамтитын 9 блок бойынша нәтижелер қаралды.
Атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, бюджет қаражатын игеру және әлеуметтік салалардағы көрсеткіштердің орындалу барысы талданды.
Қала және аудан әкімдіктерінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жүргізілген талдау қорытындысына сәйкес, Шардара ауданы Түркістан облысындағы 17 ауданның ішінде 7-орынды иеленді.
Кеңейтілген мәжіліске Шардара ауданы әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер, мекеме басшылары және тиісті сала мамандары бейнеконференцбайланыс (ВКС) арқылы толық қатысты.
Жиын қорытындысында облыс әкімі көрсеткіштері төмен бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдауды, жоспарланған жобаларды белгіленген мерзімде іске асыруды және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы №299 қаулысына сәйкес қала және аудан әкімдерінің қызметі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен нақты нәтижелерге қол жеткізу деңгейі негізінде бағаланады.
Шардара ауданы әкімдігнің баспасөз қызметі.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1288571?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ