ӨҢІРЛІК МЕДИАНЫ ДАМЫТУ: ТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯ – АШЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара ауданында өңірлік медианы дамыту, мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын арттыру және халықпен тиімді кері байланысты нығайту мақсатында өңірлік медианы дамыту жөніндегі сарапшы Ақмарал Молдиярқызының тәжірибе алмасуға арналған 5 күндік авторлық жобасы бастау алды.
Жобаның алғашқы күні «Ауданның ақпараттық жұмыстары: қазіргі ахуал және тиімді коммуникация» тақырыбында дөңгелек үстел форматында өтті.
Іс-шара барысында ауданның ақпараттық саясатындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, мемлекеттік органдардың халықпен ашық әрі жедел байланыс орнату тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы ресми ақпаратты уақытылы тарату, жалған ақпараттың алдын алу, ақпараттық дағдарыс жағдайында әрекет ету алгоритмдері, баспасөз релиздерін әзірлеудің заманауи талаптары және ақпараттық тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша тәжірибелік пікір алмасу ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге Шардара ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, аудан әкімінің баспасөз қызметі, Жастар ресурстық орталығының мамандары, ауылдық округтердің ақпараттық жұмысқа жауапты қызметкерлері, сондай-ақ «Өскен өңір» және «Шартарап Шарайна» газеттерінің өкілдері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметінің тиімділігін арттыру, халықпен кері байланысты күшейту, мемлекеттік ақпараттық саясатты сапалы іске асыру және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеру.
Аталған бағыттағы жұмыстар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген ақпаратқа қол жеткізу қағидаттарына, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ Мемлекет басшысының мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету, қоғаммен тиімді коммуникация орнату және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда.
Жоба қорытындысы бойынша:
мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысының бірыңғай алгоритмін жетілдіру;
мемлекеттік мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылын күшейту;
әлеуметтік желілердегі ресми коммуникацияның тиімділігін арттыру;
ақпараттық дағдарыс жағдайында жедел әрекет ету бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу;
тұрғындарға ұсынылатын ақпараттың ашықтығы мен сапасын арттыруға бағытталған нақты тетіктерді қалыптастыру көзделген.
Шардара ауданында халықпен ашық диалог орнату, шынайы әрі жедел ақпарат тарату және қоғам сенімін нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі..

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1288561?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version