
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің қазіргі даму бағытын айқындап, болашаққа нақты міндеттер жүктейтін маңызды құжат. Жолдауда цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, экономиканы жаңғырту, адам капиталын арттыру, білім мен ғылымның сапасын көтеру және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мәселелеріне ерекше мән берілген.
Бүгінгі таңда заман талабына сай жаңару – уақыт қажеттілігі. Әсіресе цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, жастардың білімін жетілдіру және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлар. Жолдауда белгіленген міндеттердің нәтижелі жүзеге асуы әр азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігіне байланысты. Елдің дамуы – ортақ мақсат, ал сол мақсатқа жету – баршамыздың бірлескен еңбегімізге байланысты.
Берекелі бірлік, адал еңбек және заманауи білім арқылы Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастырамыз!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1287879?lang=ru

Добавить комментарий