«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабы 3-тармағы 1-1)тармақшасына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІ-сессиясы 2026 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 1100-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІ-сессиясы 2026 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 1100-де Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.
Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй, (3 қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 0900-ден бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 1000-де өтеді.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 17 сәуірдегі №33/2-08 «Жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссия құрамы және ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың Ережесін бекіту туралы
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-tulkubas/press/news/details/1286741?lang=ru

Добавить комментарий