Қарабұлақ ауылдық кітапханасында «Ана жүрек жылуы» атты танымдық сұхбат кеші ұйымдастырылып, ауылымыздың ардақты әжелерімен тағылымды кездесу өтті. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ананың мейірімі мен тәрбиесінің маңызын насихаттау, үлкенді құрметтеуге баулу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Кеш барысында ақ жаулықты әжелеріміз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы тәрбиесі, ананың қадірі, сыйластық пен адамгершілік жайлы әсерлі әңгімелер айтты. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан әжелерге түрлі танымдық әрі тәрбиелік сұрақтар қойылып, мазмұнды сұхбат өрбіді. Шара барысында әсем әндер шырқалып, әжелерге арнап жүрекжарды лебіздер айтылды. Кездесу соңында әжелер ақ баталарын беріп, жас ұрпаққа ізгі тілектерін арнады. Тағылымы мол кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, ұрпақтар сабақтастығын нығайтқан мазмұнды шара болды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karabulaq/press/news/details/1285610?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ