Тазалық -ауылдан басталады

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоғамдық орындардың көркін жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.Атап айтқанда, ауыл көшелеріндегі шарбақтар сырланып, балалардың ойын алаңындағы қоршаулар мен нысандарға сырлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар саябақтағы жарық шамдарының бағаналары, орындықтар және қоқыс жинауға арналған урналар толықтай сырланып, ретке келтірілді.Ауыл аумағында тазалық жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Арамшөптер шабылып, қоғамдық орындар мен көшелердің айналасы тазартылуда. Қазіргі таңда абаттандыру және тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.Аталған жұмыстардың барлығы ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, көркейтуге және тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға  бағытталған. Акция аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-zharkol/press/news/details/1284736?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version