«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Дәулет ауылдық округі аумағында санитариялық тазалықты сақтау бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг барысында бірқатар тұрғындардың тұрғын үй аумақтарының сыртына тұрмыстық қоқыс пен құрылыс қалдықтарын жинап қойғаны анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді.
⚠️ ЕСКЕРТУ!
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, оның ішінде қоқысты белгіленбеген орындарға төгу немесе орналастыру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
– Әрбір тұрғын тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленген орындарға шығаруға міндетті.
Таза ауыл – ортақ жауапкершілік!
Дәулет ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Құрметті тұрғындар!
Тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын кез келген жерге төгуге қатаң тыйым салынады. Ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосып, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/1283674?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ