ЖАУАПТЫЛАРҒА ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАТЫНЫН ЕСКЕРТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, суармалы алқаптарды ағын сумен қамтамасыз ету және су шаруашылығы нысандарының жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Бұған дейін жергілікті шаруалар аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлына ағын су тапшылығына қатысты өзекті мәселелерін айтып, каналдарды жөндеу және бетондау жөнінде ұсыныстарын жеткізген болатын. Шаруалардың өтініштері қолдау тауып, нәтижесінде бірқатар су шаруашылығы нысандарын жаңғырту жұмыстары қолға алынды.

Қазіргі таңда Қарғалы ауылдық округі аумағындағы «Д.Алтынбеков» каналының аяқ жақ бөлігіндегі ұзындығы 10,7 шақырым болатын учаскені бетонмен қаптау және күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жоба «Қазводхоз» РМК филиалының тапсырысы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрайды.

Жұмыс барысын бақылау мақсатында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тиісті сала мамандарымен бірге нысанға арнайы барып, каналдағы жөндеу және бетондау жұмыстарының қазіргі жағдайымен танысты. Нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын көріп, жауапты мамандармен жұмыс сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуы жөнінде пікір алмасты.

Бүгінде каналдың 5,5 шақырым бөлігі толықтай топырақпен көтеріліп, нығыздау жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 4,5 шақырым бөлігі қайта қазылып, қазіргі уақытта оның 1,4 шақырымында бетонмен қаптау жұмыстары атқарылуда.

Нысанда жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындау үшін 15 арнайы техника жұмылдырылған. Жоба аясында барлығы 62 адам еңбек етуде, оның ішінде 20 адам жергілікті жерден тұрақты жұмыспен қамтылған.

Аудан әкімі жұмыс барысында жауапты тұлғаларға каналдың бетондау және күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, құрылыс талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, жұмыс қарқынын төмендетпей, жобада көзделген жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1282614?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *