Отырар ауданындағы Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде қоғамдық тұрақтылық пен рухани қауіпсіздік мәселелері тақырыбында маңызды кездесу өтті. Келелі басқосуға ауыл тұрғындары, ардагерлер мен қариялар, сондай-ақ белсенді аудан жастары арнайы қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы ашып, кездесудің негізгі мақсаты мен өзектілігіне тоқталды. Ол өз сөзінде зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтау, азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтауда аға буын өкілдері мен ардагерлердің өнегесі, жастардың саналы көзқарасы ерекше маңызға ие екенін жеткізді.
Кездесу барысында Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің басшысы Медет Мұзапбарұлы және аталмыш орталықтың теолог маманы Нұрлыхан Жұмаханұлы баяндама жасады. Мамандар қазіргі қоғамдағы діни ахуал, дәстүрлі құндылықтарды сақтау, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары және жат ағымдардың теріс әсеріне қарсы тұру тетіктерін жан-жақты түсіндірді.
Жиын соңында ауыл тұрғындары мен жастар мамандарға өздерін толғандырған көкейкесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар мен нақты кеңестер алды. Кездесу қорытындысында қатысушылар ел бірлігін сақтау, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүр рухында тәрбиелеу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1282605?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ