📚 *Нұра ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Сейфуллина Д.С оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларымен түсіндірме жұмысы өткізілді*

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындық аясында білім беру ұйымдарының *оқу жұмысы жөніндегі директор орынбасарларымен* әдістемелік-түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Кездесу барысында оқу процесін сапалы ұйымдастыруға қатысты негізгі бағыттар талқыланды:

🔹 *Үлгілік оқу жоспарларын* дұрыс қолдану және оқу жүктемесін тиімді жоспарлау;
🔹 *№399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларының* талаптарын сақтау;
🔹 пәндер бойынша *күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды* әзірлеу және оқу мақсаттарымен сәйкестігін қамтамасыз ету;
🔹 білім алушылардың жас ерекшеліктері мен оқу жүктемесін ескере отырып *сабақ кестесін* құрастыру;
🔹 оқу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған *мектепішілік бақылау жоспарын* жүйелі ұйымдастыру;
🔹 білім сапасын мониторингілеу, педагогтердің оқу-әдістемелік қызметін қолдау және анықталған мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдау.

🎯 Негізгі мақсат – оқу процесін нормативтік талаптарға сәйкес жүйелі ұйымдастыру, басқару шешімдерінің сапасын арттыру және білім алушыларға сапалы білім беру үшін тиімді жағдай қалыптастыру.

📌 Оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлардың үйлесімді әрі жүйелі жұмысы – мектептегі білім сапасын арттырудың маңызды тетігі.

*2026–2027 оқу жылына сапалы бастау – жүйелі жоспарлаудан басталады!* 🇰🇿

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1283081?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version