Қарағанды облысында Спорт күніне орай «Жақсылық марафоны» атты жаппай жүгіру жарысы өтті.
Спорттық шараға 200-ден астам адам қатысты. Оның ішінде Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен қала тұрғындары болды.
Жарыс қашықтығы 5 шақырымды құрады. Қатысушылар тек спорттық нәтиже үшін ғана емес, сонымен бірге қоғамда ізгілік пен өзара көмек құндылықтарын дәріптеу мақсатында күш біріктірді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Әйелдер арасында:
1 орын – Лакоменко Екатерина Викторовна 2 орын –Оралхан Арайлым Амангельдиевна
3 орын – Халикова Жанна Маратовна
Ерлер арасында:
1 орын – Рем Максим Валерьевич
2 орын – Тарынин Сергей Николаевич
3 орын –Малтыбай Сунгат Маратұлы
Марафон спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, тұрғындар мен құтқарушыларды ортақ мақсатта біріктірді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1280832?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ