Мүгедектікті сырттай проактивті форматта белгілеу бойынша пилоттық жоба

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қазақстанда жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 5 маусымдағы №168, Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы №56 және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы №292/НҚ бірлескен бұйрығымен енгізілді.

Пилоттық жобаның ерекшелігі қандай?

Жаңа тетік бойынша белгіленген нозологиялық нысандарға жататын азаматтарға медициналық-әлеуметтік сараптама сырттай проактивті форматта, яғни азаматтың МӘС бөліміне жеке баруынсыз жүргізіледі.

Медициналық ұйым қажетті медициналық мәліметтер мен құжаттарды ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде жолдайды. Түскен мәліметтер негізінде МӘС сарапшысы құжаттарды қарап, белгіленген тәртіппен сараптамалық қорытынды шығарады.

Пилоттық жоба кімдерге қолданылады?

Пилоттық жоба қосымшада белгіленген жекелеген нозологиялық нысандар бойынша жүргізіледі. Олардың қатарында:

* аяқ-қолдардың болмауы және/немесе ампутациясы;
* Даун синдромы;
* балалардағы мукополисахаридоз.

Жобаның негізгі мақсаты

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызмет алуын жеңілдету, МӘС рәсімдерін цифрландыру және азаматтардың мемлекеттік органдарға жеке бару қажеттілігін азайту.

Сырттай проактивті формат мүгедектікті белгілеу процесін неғұрлым қолжетімді, жедел әрі ыңғайлы етуге бағытталған.

Осылайша, аталған пилоттық жоба медициналық-әлеуметтік сараптаманы цифрландырудағы маңызды қадам болып табылады және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1280877?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *