Достық үйі жас қонақтарға мәдениет пен бірлік әлемін ашты

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ғабит Мүсірепов атындағы және М. Жұмабаев аудандарынан келген балалар Петропавл қаласына мәдени-білім беру сапары аясында Достық үйінде болды.

Жас қонақтар облысымыздың киелі орындары картасын қызығушылықпен тамашалады. Орындардың басым бөлігін жақсы білетіні қуантады.

Мектеп оқушыларына армян және поляк этномәдени бірлестіктерінің кабинеттері айрықша әсер сыйлады.

Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Б.Қ. Базарбаев оқушыларға Достық үйінің қызметі туралы әңгімеледі. Өз кезегінде балалар жалпы ұлттық нышандар және достықты не үшін қадірлеу қажеттігі жөніндегі сұрақтарға белсенді жауап берді.

Мұса Сұлтановтың достық туралы орындаған әні жас қонақтарға ерекше сый болды. Ол балаларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға толағай табыс пен зор денсаулық тіледі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1280862?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version