Ақтөбе облысында техникалық оңалту құралдарын қамтамасыз етудің жаңа сервистік моделі бойынша пилоттық жоба аясында іс-шара өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

2026 жылғы 26 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бекзат Ерғалиұлы Әшімов Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының Ақтөбе облыстық филиалының директоры Айжан Хамзинаның ұйымдастыруымен Алға ауданында өткізілген іс-шараға қатысты.

Іс-шара техникалық оңалту құралдарын қамтамасыз етудің жаңа сервистік моделін іске асыру мәселелеріне арналды.

Кездесу барысында пилоттық жобаны іске асыру тетіктері, жаңа сервистік модельдің ерекшеліктері, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен уақтылы және сапалы қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың техникалық оңалту құралдарына қолжетімділігін арттыру, оларды уақтылы қамтамасыз ету және әлеуметтік оңалтудың үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан техникалық оңалту құралдарын ұсыну сапасын арттыру, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және жаңа сервистік модельді тиімді іске асыру бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1280845?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version