ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиын өтті.
Жиынға Созақ ауданы прокурорының орынбасары Асылбек Туршеков, Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мұратов, аудан әкімінің салалық орынбасары және жауапты бөлім басшылары қатысты.
Мәжіліс барысында аудан аумағындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.
Аудан басшысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе облыстық маңызы бар күре жолдардағы апат қаупін азайту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жол учаскелеріне шуылдақты жолақтар орнату, көлік құралдарының белгіленген жылдамдық режимін сақтауын бақылау мақсатында жылдамдық өлшейтін бейнебақылау камераларын орнату мәселесін пысықтауды тапсырды.
Сонымен қатар, аудандық полиция бөліміне жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтіп, рейдтік және профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізу жөнінде тапсырма берілді.
Жауапты сала басшыларына тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету және жол қауіпсіздігін күшейту бағытындағы жұмыстарды нақты бақылауға алуды тапсырды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1280528?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version