СОЗАҚ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ОТБАСЫЛЫҚ МЕЙРАМХАНА АШЫЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Созақ ауылында кәсіпкерлік саласы тағы бір жаңа нысанмен толықты. Ауыл тұрғыны, кәсіпкер Досхан Аманбаевтың бастамасымен заманауи үлгідегі «Food Village» отбасылық мейрамханасы өз жұмысын бастады.
Жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын жаңа нысан ауыл тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Мейрамхананың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов қатысып, кәсіпкерді жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады.
Кәсіпкерлікті дамыту – елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырудың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жаңа нысанның ашылуы ауылдың көркеюіне серпін беріп, тұрғындарға қолайлы қызмет түрлерін ұсынумен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Салтанатты шарада кәсіпкердің туған-туыстары, жақындары мен арнайы қонақтар ізгі тілектерін білдіріп, жаңа кәсіптің берекелі болуына тілектестік танытты.
«Food Village» отбасылық мейрамханасында 130 орынға арналған банкет залы, 120 орындық тамақтану залы және 40 әрі 20 орындық екі жеке бөлме қарастырылған. Сыртқы келбеті мен ішкі безендірілуі заманауи үлгіні үйлестіре отырып жасалған. Сонымен қатар, келушілерге қызмет көрсетуге арналған асхана бөлек орналасқан. Мұнда 6 аспаз тұрақты түрде еңбек етеді. Жаңа мейрамхананың іске қосылуы нәтижесінде 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1280521?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version