Әдеп жөніндегі уәкіл және оның функциялары

Опубликовано:

Автор:

в категории

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы“, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша қабылдадайды. Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.

Қызметкерлер мен азаматтар проблемалық жағдайларды шешу, әріптестерімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға көмек беру үшін этика жөніндегі уәкілге жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілеу және олардың сақталуын жүйелік бақылау, мемлекеттік қызметтегі қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын-алу адамдардың мемлекетке деген сенімін арттыруға көмектеседі.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі департамент басшысының орынбасары Сапар Сатайұлы Шайкенов болып табылады.

Байланыс деректері: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 9/4, +7 (72772) 2-29-83.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-alm/press/news/details/1280171?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *