Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары негізінде «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС «Қызылорда» филиалының Қызылорда пайдалану локомотив депосы жұмысшылары арасында 2026 жылғы 20 тамызда «Жұмыс орнының қауіпсіздігі және эргономикасы, денсаулыққа қауіп-қатерді азайту» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді. Семинардың мақсаты – кәсіптік және өндірістік факторлардың алдын алу, жұмысшылардың денсаулығын сақтау және жақсарту, қызметкерлердің салауатты өмір салтына деген ұмтылысын арттыруға ықпал ететін жағдайлар жасау, сондай-ақ созылмалы инфекциялық емес және кәсіптік ауруларға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздықтан болатын шығындарды азайту. Салауатты жұмыс орны – денсаулықты сақтауға және нығайтуға, кәсіптік аурулар мен жарақаттардың алдын алуға, сондай-ақ жұмысшылардың денсаулығына қатысты өмір салтын, мінез-құлқын және көзқарасын жақсартуға ықпал ететін орта. Еңбек қауіпсіздігі – жұмыс берушінің қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауы барысында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға бағытталған іс-әрекеті.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Добавить комментарий Отменить ответ