Қоғамдық медиаторларды сайлау туралы хабарландыру

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының,  Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің “Қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын бекіту туралы” 2022 жылғы 3 мамырдағы No 134.3 бұйрығының негізінде «Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ  Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би атындағы ауданында  медиацияны әлеуметтік негізде жүзеге асыратын қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді.

Медиацияны ерікті негізде жүзеге асыратын медиаторлар уәкілетті орган айқындайтын ережелерге сәйкес, қоғамдық медиаторлар тізіліміне ену үшін облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның әкіміне жүгінуге міндетті.

Қоғамдық медиаторлар сайлауына қатысуға ниет білдірген үміткерлер сайлауды өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін, 10 жұмыс күні ішінде «Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ-не құжаттарын жіберулеріне болады.

Қоғамдық ерікті медиатор ретінде әрекет ете алатындар:

қырық жасқа толған және қоғамдық медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар;

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) Ережеге сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

3) заңды мекенжайы туралы мәліметтер;

4) байланыс деректері (пошталық және электрондық пошта мекенжайлары немесе телефон, немесе факс нөмірі);

5) медиатор маманданатын медиация саласы туралы мәліметтер;

6) медиатор медиацияны қай тілде жүргізетіні туралы мәліметтер;

7) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамалар;

8) сотталмағандығы жөніндегі анықтама.

Медиаторларды облыстық маңызы бар қаланың әкімі, қаладағы ауданның,  аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері тиісті өтінішті қабылдағаннан күннен бастап, хабардар ету тәртібімен күнтізбелік он күн ішінде Заңның 9-бабының талаптарын сақтай отырып,  қоғамдық медиаторлардың тізіліміне енгізеді.

Қоғамдық медиатор болып сайлану үшін құжаттар аудан әкімінің аппаратына келесі жолдардың бірімен жіберіледі:

  • хабарламасы бар тапсырыс хатпен Қарағанды қаласы, Чкалов кошесі, 8 және (немесе) қағаз немесе электрондық жеткізгіштегі қолмен;
  • электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы «Электрондық өтініштер».
  • ақпараттық-талдау жүйесі бойынша: akimat_kazybek_bi@mail.ru электрондық пошта мекенжайына.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-rayon-im-kazybek-bi/press/news/details/1276739?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *