Достық үйінің алаңында «ЭтноDay» іс-шарасы өтті.
Жобаның мақсаты: балалардың Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлеріне деген қызығушылығын қалыптастыру, этносаралық сыйластықты, достық пен толеранттылықты ойын, шығармашылық және этностық шеберлік сыныптарына қатысу арқылы дамыту.
«ЭтноDay» аясында балаларға түрлі этностардың дәстүрлерімен, мәдениетімен танысуға бағытталған ұлттық ойындарды қамтитын мәдени ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Favorite Voice» вокалдық студиясы өнерін паш етті.
Балалар қазақ, татар, орыс мәдениетінің ұлттық ойындарына қатысып, түрлі интерактивтерде ойнады.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, балалар қатысты.
Іс-шара достық пен бірлік атмосферасын құруға, отбасылар мен балаларды қолдауға, сондай-ақ өзара көмек, құрмет пен қоғамдық келісім құндылықтарын ілгерілетуге бағытталды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1277775?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ