🌿 СІЛЕТІ ШАТҚАЛДАРЫ ТАЗАЛАНДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

🌿 СІЛЕТІ ШАТҚАЛДАРЫ ТАЗАЛАНДЫ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ерейментау ауданы және Сілеті ауылы әкімдігінің ұйымдастыруымен Сілеті шатқалдарының маңындағы демалыс орындары мен жағажай аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Жаз мезгілінің басынан бері бұл бағытта тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары әлі де жалғасып келеді. Игі іске мемлекеттік қызметшілер, волонтерлер және «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелері белсенді атсалысты. 🤝

Кезекті сенбілік барысында жағажай аумағынан 25 қаптам астам қоқыс шығарылды. Бұған дейін қаптан де Сілеті ауылдық әкімдігінің ұйымдастыруымен демалыс орындарында жиналған қоқыстар үлкен көлемде арнайы жүк көліктерімен шығарылған болатын.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen/press/news/details/1276654?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *