
🔰Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Әулиеата ауданына қарасты Шайқорық, Бектөбе және Қызыл жұлдыз алаптарында абаттандыру және санитарлық тазалық бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында аталған аумақтардағы мекеме, ұйым басшылары және белсенді тұрғындармен жүздесіп, аумақтарды күтіп ұстау, санитарлық тазалықты сақтау, көгалдандыру және абаттандыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қолданыстағы абаттандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес енгізілген жаңа талаптар түсіндіріліп, нысандар мен іргелес аумақтарды белгіленген талаптарға сай ұстаудың маңыздылығы айтылды.
Тұрғындар мен жауапты тұлғаларға өрт қауіпсіздігі, инженерлік және әлеуметтік нысандар маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ортақ аумақтарды таза әрі ретке келтірілген жағдайда ұстау бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Әулиеата ауданы әкімдігі тарапынан мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, абаттандыру мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз әрі таза орта қалыптастыруға бағытталатын болады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1277215?lang=ru

Добавить комментарий