Атырауда жыл басынан бері 3 мыңнан астам есірткіге қарсы брошюра таратылды

Опубликовано:

Автор:

в категории
Атырау облысында есірткі қылмысының алдын алу және тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
👮‍♂️ Полиция қызметкерлері «Жас қорғау» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен және кеңес мүшелерімен бірлесіп, «Көктем» сауда орталығында тұрғындарға есірткінің адам денсаулығы мен психикасына зияны туралы түсіндіріп, ақпараттық жадынамалар таратты.
📚 Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған 3 мыңнан астам брошюра таратылды.
💚 Полиция тұрғындарды есірткіден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1276024?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *