Алаяқтықтан сақ болыңыз!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Алаяқтықтан сақ болыңыз!
 
Ұ.Сыздықбаев ауылының мекеме қызметкерлері арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу және қаржылық қауіпсіздікті сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Кездесу барысында учаскелік полиция инспекторы Ғ. Арқабаев пен жастар ісі жөніндегі маман Мажитов Айбол қазіргі таңда жиі кездесетін алаяқтық тәсілдері туралы айтып, банк қызметкерлері немесе құқық қорғау органдарының атынан хабарласатын алаяқтардың әрекеттерінен сақ болуға шақырды.
 
Қызметкерлерге күмәнді қоңырауларға сенбеу, жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін және SMS-кодтарды ешкімге бермеу, сондай-ақ белгісіз сілтемелерге өтпеу жөнінде кеңестер берілді.
 
Қаржылық қауіпсіздік – әр азаматтың өз жауапкершілігінде! Алаяқтарға алданбаңыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/1275967?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version