
Қазіргі таңда, теріс идеологияны уағыздаушылар әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы кәмелетке толмағандарды, студенттерді сондай-ақ, әлеуметтік осал топ мүшелерін арбап, экстремистік және террористік қылмыстарды жасауға айдап салуда.
Осыған орай, Түркістан облыстық Терроризмге қарсы комиссиясының нұсқауына сәйкес, Шардара ауданында қала, ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, Шардара аудандық әкімдіктің барлық бөлім қызметкерлеріне, сондай-ақ, аудандық аурухана қызметкерлеріне «Жасырын қауіптен сақтану жолдары!» тақырыбында шетелдік тыйым салынған діни уағыздаушылар, шетелдік тыйым салынған оқу орындары және террористік, экстремистік ұйымдар туралы ақпарат беру мақсатында жиналыстар өткізілді.
Жиналыстарда шетелдік тыйым салынған уағыздаушылар туралы мәліметтер слайд түрінде ұсынылды. Олар террористік немесе экстремистік әрекеттерді жасауға бірден айдап салмайтындығы, арбау әдіс, тәсілдері туралы сөз қозғалды және террористік, экстремистік ұйымдар туралы ақпарат берілді.
Сонымен бірге, әлеуметтік желілердегі түрлі жасырын топтарда шетелдік тыйым салынған уағыздаушылар өздерінің теріс насихаттарын жүргізіп, теріс діни ілімді таратуда.
Осыған орай, барлық ақпараттарды тек расталған парақшалардан алуға кеңес беріп, арнайы брошюралар таратылды.
Жиналыстар барысында шетелдік күмәнді теологиялық білім беру ордалары, олардың жасырын теріс идеологияларды насихаттау әдістері түсіндірілді.
Балаларды шет елдерге оқуға жібермес бұрын ең алдымен оқу орнының толық қауіпсіздігіне көз жеткізу қажеттігі жеткізілді.
Жиналыс қорытындысымен, барлық күдікті заттар туралы тек расталған көздерден дәлелді ақпараттарды алу, күдікті болған оқиғалар туралы құқық қорғау органдарына дереу хабар беру туралы түсіндірілді.
Нәтижесінде, қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауапты мамандар тарапынан жауаптар беріліп, қосымша мәселелер талқыланды.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1274743?lang=ru

Добавить комментарий