Парасат пен тазалық – басты құндылық

Опубликовано:

Автор:

в категории

Парасат пен тазалық – басты құндылық

Жемқорлық – бір күнде пайда болған дерт емес. Ол сенім әлсіреген жерде тамыр жаяды. Бүгінде бұл мәселе тек мемлекетке емес, әрбір азаматтың болашағына әсер ететін үлкен кедергіге айналып отыр. Өйткені адал еңбек ескерілмеген жерде әділдік те ақсайды. Кейде жұрт жемқорлықты тек пара беріп, пара алумен ғана байланыстырады. Алайда оның көрінбейтін тұстары да аз емес. Таныстықпен жұмысқа тұру, кезексіз қызмет алу, біреудің ақысын жеу – мұның бәрі қоғамдағы әділет таразысын теңселтетін әрекеттер. Осындай келеңсіздіктер көбейген сайын елдің ертеңіне деген сенім де көмескі тартады. Жемқорлықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл – барша қоғамға ортақ жауапкершілік. Әр адам өз ісіне адал қарап, ардың жібін аттамауға тырысқанда ғана оң өзгеріс болады. Себебі тазалық сырттан емес, адамның өз ниетінен басталады. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлықпен күрес бағытында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Заң талаптары күшейтіліп, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі цифрландырылуда. Бұл – ашықтыққа бастайтын маңызды қадамдардың бірі. Өйткені көзге көрінбейтін тұман көбіне жабық есіктің ар жағында қоюланады. Дегенмен заңның күшімен ғана барлық мәселені шешу мүмкін емес. Ең бастысы – қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру. Жастардың санасына «жең ұшынан жалғасу» емес, маңдай термен жетістікке жету қағидасын сіңіру қажет. Сонда ғана ел ішінде сенім бекиді, еңбек бағаланады. Халқымыз «Тура биде туған жоқ» деп бекер айтпаған. Әділдік салтанат құрған жерде ғана даму болады. Егер әр адам өз орнында адал қызмет етсе, жемқорлықтың тамырына балта шабылар еді. Өйткені қоғамды өзгертудің ең төте жолы – әркімнің өзінен басталатын жауапкершілік.

Қорытындылай келе, жемқорлықпен күрес – үздіксіз жүретін маңызды жұмыс. Бұл жолда заң да керек, тәрбие де керек, азаматтық ұстаным да қажет. Адалдық алдыңғы орынға шыққан күні қоғамның да келбеті жаңарады. Себебі елдің ең үлкен байлығы – сенім мен әділдік.

Созақ ауданының әкімі
Мұхит Тұрысбеков

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1274532?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version