Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамдық мүдделерді тиімді жүзеге асыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілер қоғам мүдделеріне адал қызмет етуге, Қазақстан халқының бірлігі мен этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, мемлекеттік тілге, басқа тілдерге, ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптарға құрметпен қарауға міндетті.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясатты ұстанып, оны дәйекті түрде іске асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға тиіс.
Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген ерекше сенім. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілеп, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға, өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға, әдепсіз мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.
Кодексте белгіленген қызметтік әдеп стандарттары барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-alm/press/news/details/1272758?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ