Астана күніне арналған әдеби-сазды кеш

Опубликовано:

Автор:

в категории

06 шілде күні Үміткер ауылының хоккей кортында, ашық аспан астында Астана күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында өнер жанашырлары елордамыз туралы, туған жерге, жақын жандарға  деген махаббат туралы өлең-жырлар оқып, жанды дауыста әуезді әндер шырқады. Ауыл тұрғындары ерекше белсенділік танытып, би билеп, ән салып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне зор қолдау көрсетті. Белсенді ауылдастарымыз бен кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды. Тұрғындардың мұндай ықыласы ауылымыздың бірлігі мен берекесін тағы бір мәрте айқындады. Айтулы кеш ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, жергілікті мәдениетті жандандыруға жаңа серпін берді. Алдағы уақытта да ауылды көркейту мен мәдениетін көтеру бағытындағы осындай игі істер өз жалғасын табады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar-zhyrau-umetker/press/news/details/1273245?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version