2026 жылғы 11 тамыз күні сағат 10:00-де ҚазҰПУ ғимаратында Медеу ауданы әкімінің аппараты кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстар жөніндегі кеңес өткізілді.
Кеңеске білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, педагог-психологтар және тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелер қатысады.
Іс-шара барысында жаңа 2026–2027 оқу жылында кәмелетке толмағандармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың негізгі бағыттары қаралады. Сонымен қатар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осындай жағдайлардың алдын алу бағытында қабылданып жатқан профилактикалық шаралар талқыланады.
Кеңестің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмысты күшейту, жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және психологиялық қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру.
Кеңес қорытындысы бойынша 2026–2027 оқу жылында кәмелетке толмағандармен жүргізілетін профилактикалық жұмысты тиімді ұйымдастыруға бағытталған тиісті ұсынымдар беріледі.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-medeu/press/news/details/1272206?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ