«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Таразда жалпықалалық сенбілік өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Таразда жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындардың мамандары, еріктілер мен қала тұрғындары белсенді қатысып, санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Іс-шара барысында көшелер, саябақтар, арық жүйелері мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптау, ортақ пайдаланылатын аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Таза әрі көрікті қала – баршаға ортақ міндет. Осыған орай, қаладағы барлық кәсіпкерлік нысан иелерін өздеріне тиесілі аумақтарды, ғимараттардың кіреберістерін және іргелес жер телімдерін тұрақты түрде тазалықта ұстап, абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамыз.

«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әрбір тұрғынның туған қаланың тазалығы мен көркеюіне деген жауапкершілігін арттыру.

 
taraz.akimdigi

 1 дн.

В Таразе в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» состоялся общегородской субботник.

В мероприятии приняли участие сотрудники государственных учреждений, представители коммунальных предприятий, волонтёры и жители города. Участники провели работы по санитарной очистке и благоустройству общественных территорий.

В ходе субботника были приведены в порядок улицы, парки, арычные сети и другие территории общего пользования, проведён сбор и вывоз мусора. Также выполнены работы по уходу за зелёными насаждениями и благоустройству прилегающих территорий.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1267497?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version