Отырар ауданының Темір ауылында елді мекеннің инженерлік және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Ауыл тұрғындарының аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының жеке қабылдауында көтерген өтініші қолдау тауып, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Темір ауылындағы Т.Ибрагимов көшесіне ұзындығы 1295 метр болатын жаңа аяқжол салу жұмыстары басталды.
Аталған жоба тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасауға бағытталған. Бұған дейін бұл көшеде аяқжолдың болмауы мектеп оқушыларының, қарттар мен тұрғындардың күнделікті қатынасына қолайсыздық туғызып келген болатын. Жаңа аяқжолдың пайдалануға берілуі жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттырып, ауылдың инфрақұрылымдық әлеуетін жақсартуға мүмкіндік береді.
Құрылыс жұмыстары аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Жобаның сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылыс барысы жауапты сала мамандарының тұрақты бақылауында болады.
Жергілікті жұртшылық көше бойында аяқжолдың салынуы ауылдың көркеюіне және күнделікті тіршілікке үлкен қолайлылық әкелетінін айтып, өз ризашылықтарын білдіруде.
Халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған мұндай жобалар аудан көлемінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың сұраныстары мен ұсыныстары негізінде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1266092?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ