Құрметті медицина қызметкерлері!
Пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етуде дәрілік заттардың жағымсыз реакцияларын уақтылы анықтау және олар туралы хабарлау ерекше маңызға ие.
Егер дәрілік препаратты қолданғаннан кейін немесе вакцинадан соң пациентте кез келген жағымсыз реакция байқалса, оны тіркеп, белгіленген тәртіппен хабарлау қажет. Бұл ақпарат дәрілік заттардың қауіпсіздігін бағалауға, ықтимал қауіптерді ерте анықтауға және олардың алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық ұйымдарда жағымсыз реакцияларды анықтау, тіркеу, құжаттандыру және есептілік жүргізудің бірыңғай тәртібін енгізу мақсатында әдістемелік ұсынымдар мен стандартты операциялық рәсімдерді әзірледі.
Әрбір медицина қызметкері анықталған немесе күмән туғызған жағымсыз реакция туралы толық әрі сапалы ақпаратты белгіленген тәртіппен енгізуге және хабарлауға жауапты.
Фармакологиялық қадағалау жүйесіне белсенді қатысу – дәрілік заттардың қауіпсіз айналымын қамтамасыз етудің және халық денсаулығын қорғаудың маңызды тетігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1266161?lang=ru

Добавить комментарий