
📢 Құрметті тұрғындар!
Алматы облысында «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» жобасы жұмыс істейді.
109 iKomek байланыс орталығының негізгі қызметтері:
- тұрғындар мен қонақтардың өтініштерін қабылдау;
- коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру;
- авариялар мен инциденттердің уақтылы шешілуін бақылау;
- құқық бұзушылықтарға қатысты хабарламаларды қабылдау және өңдеу.
WhatsApp арқылы мына мәселелер бойынша өтініш қалдыра аласыз:
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
- абаттандыру;
- жолдарды жөндеу;
- тыныштық режимін бұзу;
- білім беру;
- жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау;
- сауда және кәсіпкерлік.
iKomek сіздің өтінішіңізді тиісті мекемелерге жолдап қана қоймай, мәселе толық шешілгенге дейін оның орындалуын бақылауда ұстайды.
Өтініш берген кезде төмендегі мәліметтерді көрсету қажет:
- аты-жөніңіз;
- байланыс нөміріңіз;
- өтініштің мазмұны;
- оқиғаның күні мен уақыты;
- нақты мекенжайы;
- бар болған жағдайда фото немесе бейнематериалдар.
📱 109 iKomek бірыңғай байланыс орталығы WhatsApp-та тәулік бойы жұмыс істейді.
WhatsApp: +7 771 710 9109.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-aksengir/press/news/details/1264185?lang=ru

Добавить комментарий