ҚАЖД №7 мекемесінде «Амнистия туралы» Заң қалай жүзеге асырылуда
Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №7 түзеу мекемесінде Қазақстан Республикасының «Амнистия туралы» Заңын іске асыру жұмыстары жалғасуда.
Мекеме бойынша аталмыш амнистия қолданылатын 308 сотталған тіркелген. Құжаттарды дайындау және қарастыру жұмыстары сот органдарымен тығыз байланыста атқарылуда.
Бүгінгі таңда екі күнге созылған сот отырыстары барысында бірқатар сотталғандарға қатысты материалдар қаралды. Нәтижесінде сот шешімдерінің негізінде 21 сотталған мерзімінен бұрын босатылды.
Сонымен қатар, үш материал бойынша сот амнистияны қолданудан бас тарту туралы шешім қабылдаса, бір өтініш кері қайтарылды.
Заңды іске асыру шаралары әрі қарай жалғасуда. Жақын арада соттар амнистияға ілігетін басқа да сотталғандардың материалдарын, оның ішінде жаза мерзімін қысқарту мәселелерін қарастыратын болады.
__________________
В учреждении №7 ДУИС продолжается реализация Закона «Об амнистии»
В учреждении №7 Департамента уголовно-исполнительной системы по Акмолинской области продолжается практическая реализация Закона Республики Казахстан «Об амнистии».
Под действие амнистии в данном учреждении подпадают 308 осужденных. Работа по подготовке и рассмотрению соответствующих материалов проводится в тесном взаимодействии с судебными органами.
На сегодняшний день за два дня судебных заседаний рассмотрены материалы в отношении ряда осужденных. По итогам рассмотрения 21 человек был освобожден на основании вынесенных судебных решений.
Вместе с тем по трем материалам судом принято решение об отказе в применении амнистии, а одно ходатайство было отозвано.
Мероприятия по реализации Закона продолжаются в плановом режиме. В ближайшее время судами будут рассмотрены материалы в отношении других осужденных, подпадающих под амнистию, в том числе по вопросам сокращения неотбытых сроков наказания.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/1264347?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ