27/2

Опубликовано:

Автор:

в категории

Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Махмутовтың нұсқамасына сәйкес бөлім бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қ. Балиев жеке құраммен саптық жиын өткізді.

Іс-шара республикалық деңгейде өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Саптық жиын барысында «Қаңғыбас», «Таза Қазақстан», «Hi-Tech», «Қарасора», «Өз еркімен қару тапсыру», «Тасымалдаушы», «Квадрат» және «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шаралары бойынша қойылған міндеттер нақтыланды.

Сонымен қатар, жеке құрамға қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтік тәртіпті қатаң сақтау бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Өткізілген саптық жиын полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған міндеттердің тиімді орындалуына ықпал етті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1263972?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version