⚽ ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті департаменттері қызметкерлері арасындағы шағын футбол турнирі аяқталды
Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық департаменттері қызметкерлері арасында шағын футболдан тартысты турнир өтті. Екі күнге созылған спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 15 өңірдің командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Бұл жарыс тек спорттық бәсеке емес, сонымен қатар қызметкерлер арасындағы бірлікті нығайтудың, салауатты өмір салтын насихаттаудың және командалық рухты көтерудің жарқын көрінісіне айналды.
🏆 Жалпы командалық есептегі жеңімпаздар:
-
🥇 І орын – Ақтөбе облысының командасы
-
🥈 ІІ орын – Қарағанды облысының командасы
-
🥉 ІІІ орын – Қостанай облысының командасы
🌟 Жеке номинациялар бойынша үздіктер:
-
🏅 Үздік қақпашы – Артем Бабкин (Қостанай облысы)
-
🏅 Үздік ойыншы – Мадияр Қарібай (Қарағанды облысы)
-
🏅 Үздік шабуылшы – Яхя Дюкло Дюклоұлы (Ақтөбе облысы)
-
🏅 Үздік қорғаушы – Нұрғайни Омаров (Маңғыстау облысы)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы қызметтеріңізге толағай табыс, ал спорттық алаңдарда жаңа биіктер мен жеңістер тілейміз!
————————-
⚽ В Щучинске завершился турнир по мини-футболу среди сотрудников подразделений КУИС МВД РК
В городе Щучинске прошел захватывающий турнир по мини-футболу среди сотрудников территориальных департаментов Комитета уголовно-исполнительной системы МВД РК. Двухдневные спортивные состязания собрали команды из 15 регионов страны, которые продемонстрировали высокий уровень подготовки, волю к победе и спортивный азарт.
Подобные мероприятия играют важную роль в укреплении корпоративного духа, пропаганде здорового образа жизни и сплочении коллектива ведомства.
🏆 Победители общекомандного зачета:
-
🥇 1 место – Актюбинская область
-
🥈 2 место – Карагандинская область
-
🥉 3 место – Костанайская область
🌟 Лучшие игроки по номинациям:
-
🏅 Лучший вратарь – Артем Бабкин (Костанайская область)
-
🏅 Лучший игрок – Мадияр Карибай (Карагандинская область)
-
🏅 Лучший нападающий – Яхя Дюкло Дюклоұлы (Актюбинская область)
-
🏅 Лучший защитник – Нурғайни Омаров (Мангистауская область)
Поздравляем победителей, призёров и всех участников соревнований! Желаем крепкого здоровья, неиссякаемой энергии и новых достижений как на службе, так и на спортивных аренах!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/1263669?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ