«Таза Қазақстан» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін ауданда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмысшы топ көшелерді аралап, тұрғындарға санитариялық тазалық талаптарын сақтау, қоршаған ортаны ластауға жол бермеу, өздеріне тиесілі аумақтарды күтіп-ұстау және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру барысында тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару, аула аумақтарын тұрақты түрде тазалау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау қажеттігі түсіндіріліп, арнайы ескертпе парақшалары таратылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес абаттандыру қағидаларын және санитариялық тазалық талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгені жөнінде ескертілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – елді мекеннің санитариялық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тереңөзек кенті әкімдігі тұрғындарды тазалықты сақтауға, туған жердің көркеюіне үлес қосуға және қоғамдық тәртіп талаптарын сақтауға шақырады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1262999?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version