
2026 жылдың 19 мамырында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібіне қаралуға төмендегі сұрақтар ұсынылды:
- Аудандық желілік техникалық цехының атқарып жатқан жұмыстары туралы басшысының баяндамасы.
Баяндаушы: Әуелбеков Шаймұрат Болатұлы – аудандық желілік техникалық цехының басшысы
- Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының Қарасай ауданы бойынша инспекторының қызметі туралы баяндаманы тыңдау.
Баяндаушы: Шойынжанов Бекайдар –
Қарасай ауданы бойынша инспектор
- «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының Қарасай ауданы филиалы директорының атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамасын тыңдау.
Баяндаушы: Кенжекеев Дәурен Марсұлы – «Атамекен» палатасы филиалының директоры
- Қарасай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұсынған «Қарасай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына аудандық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру» аудандық мәслихатының шешімінің жобасын талқылау.
Жобамен таныстыратын бөлім басшысы –
Шакиров Жанат Ержанұлы
Қоғамдық кеңестің мүшелері баяндаушыларға бірқатар сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Одан кейін кеңес мүшелердің ұсыныс-тілектері тындалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Бірінші мен екінші сұрақ бойынша баяндаушылар, қызметтік қажеттілігіне байланысты қатысуға мүмкіндік болмағандықтан, келесі отырысқа қайта шақырылсын деп шешілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karasay/press/news/details/1263416?lang=ru

Добавить комментарий