
19 июля 2026 года
19 июля 2026 года в Департаменте регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения г. Алматы проведено совещание с участием заместителя руководителя Департамента, специалистов отдела методологии и контроля медико-социальной экспертизы, представителей Управления общественного здравоохранения города Алматы и медицинских организаций.
В ходе совещания рассмотрены итоги деятельности службы медико-социальной экспертизы за I полугодие 2026 года, основные показатели первичной и повторной инвалидности, результаты реабилитации, вопросы внедрения заочного проактивного формата проведения МСЭ, а также качество подготовки медицинской документации.
Отмечено, что за отчетный период отделами МСЭ города Алматы освидетельствовано 11 426 человек. Доля освидетельствований, проведенных в заочном проактивном формате, увеличилась до 48,7%, что свидетельствует о повышении доступности и эффективности оказания государственной услуги.
Отдельно рассмотрен вопрос необоснованных направлений граждан на МСЭ. Руководителем отдела методологии и контроля МСЭ представлен анализ, согласно которому количество необоснованных направлений снизилось со 131 случая в I полугодии 2025 года до 85 случаев в I полугодии 2026 года.
По итогам совещания определены дальнейшие меры по повышению качества подготовки медицинской документации, усилению контроля за деятельностью врачебно-консультативных комиссий, совершенствованию взаимодействия с медицинскими организациями и повышению эффективности проведения медико-социальной экспертизы.
2026 жылғы 19 шілде
Алматы қаласы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінде 2026 жылдың I жартыжылдығы қорытындысы бойынша МӘС қызметінің жұмысына талдау жүргізілді.
2026 жылғы 19 шілдеде Алматы қаласы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінде МӘС қызметінің 2026 жылдың I жартыжылдығы қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелерін талқылау жөнінде кеңес өткізілді.
Кеңеске Департамент басшысының орынбасары, медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснама және бақылау бөлімінің мамандары, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кеңес барысында 2026 жылдың I жартыжылдығындағы медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің негізгі көрсеткіштері, алғашқы және қайта мүгедектік белгілеу көрсеткіштері, оңалту нәтижелері, МӘС жүргізудің сырттай проактивті форматын енгізу, сондай-ақ медициналық құжаттамаларды рәсімдеу сапасы мәселелері қаралды.
Есепті кезеңде Алматы қаласының МӘС бөлімдері 11 426 азаматқа сараптама жүргізгені атап өтілді. Сырттай проактивті форматта жүргізілген сараптамалардың үлесі 48,7%-ға дейін артқан, бұл мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен тиімділігінің жоғарылағанын көрсетеді.
Сонымен қатар азаматтарды МӘС-ке негізсіз жолдау мәселесі қаралды. Әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы МӘС-ке жолдау сапасына жүргізілген талдау нәтижелерін таныстырды. Талдау қорытындысы бойынша негізсіз жолдау саны 2025 жылдың I жартыжылдығындағы 131 жағдайдан 2026 жылдың I жартыжылдығында 85 жағдайға дейін төмендеген.
Кеңес қорытындысы бойынша медициналық құжаттарды дайындау сапасын арттыру, дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың жұмысын бақылауды күшейту, медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиімділігін арттыру бойынша тиісті шаралар айқындалды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1261892?lang=ru

Добавить комментарий