ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН 2 АЛТЫН ЖӘНЕ 2 КҮМІС МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ
Индонезияның Джакарта қаласында 3-16 шілде аралығында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері ел қоржынына 2 алтын және 2 күміс медаль салды.
U23 жас санатындағы ерлер арасындағы 75 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Аман Қонысбеков барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанып, алтын медальді жеңіп алды. Ал 60 келі салмақта сынға түскен Нұрасыл Төлебек финалға дейін сәтті өнер көрсетіп, жарысты күміс жүлдемен қорытындылады.
Әйелдер арасындағы бәсекеде 75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Шұғыла Нәлібай Азия чемпионы атанып, алтын медальді жеңіп алса, 57 келі салмақта сынға түскен Ұлжан Сәрсенбек финалға дейін сүрінбей жетіп, жарысты күміс медальмен аяқтады.
Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Басқарма басшысы спортшылардың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби еңбегін жоғары бағалап, алдағы әлемдік жарыстарда да ел абыройын асқақтатуға тілектестік білдірді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов та шәкірттеріне ізгі тілегін арнап, алдағы халықаралық додаларда да көк Туымызды биікте желбірететініне сенім білдірді.
Айта кетейік, жүлдегер қос спортшы да «Түркістан» кәсіпқой бокс клубының шәкірттері.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————
ТУРКЕСТАНСКИЕ БОКСЕРЫ ВЕРНУЛИСЬ С ЧЕМПИОНАТА АЗИИ С 2 ЗОЛОТЫМИ И 2 СЕРЕБРЯНЫМИ МЕДАЛЯМИ
На чемпионате Азии по боксу в возрастных категориях U19 и U23, проходившем с 3 по 16 июля в индонезийском городе Джакарта, мастера кожаной перчатки из Туркестанской области в составе национальной сборной Казахстана принесли в копилку страны две золотые и две серебряные медали.
В категории U23 среди мужчин в весовой категории до 75 кг Аман Конысбеков одержал верх над всеми соперниками, стал чемпионом Азии и завоевал золотую медаль. Выступавший в весе до 60 кг Нурасыл Толебек успешно дошел до финала и завершил соревнования с серебряной наградой.
В женской части соревнований Шугыла Налибай, боксировавшая в весовой категории до 75 кг, завоевала титул чемпионки Азии и золотую медаль, а Улжан Сарсенбек в категории до 57 кг уверенно дошла до финала, закончив турнир с серебром.
Спортсменов, показавших высокие результаты на континентальном первенстве, лично принял и поздравил с победой руководитель управления физической культуры и спорта Туркестанской области Галымжан Худияров. Глава управления высоко оценил упорный труд боксеров и профессиональную работу тренеров, а также пожелал им высоко нести честь страны на предстоящих мировых стартах.
В ходе встречи заслуженный тренер Республики Казахстан Мырзагали Айтжанов выступил с теплыми напутственными словами к своим воспитанникам и выразил уверенность, что они еще не раз поднимут флаг нашей страны на международных турнирах.
Отметим, оба спортсмена-призера являются воспитанниками профессионального боксерского клуба «Туркестан».
Пресс-служба акима Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1261947?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ