СОЗАҚТЫҚ ШАРУАЛАР ЖИЫН-ТЕРІН НАУҚАНЫН БАСТАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Созақ ауданында биылғы жиын-терін науқаны басталды. Диқандар маусымдық жұмыстарды уақытылы ұйымдастырып, егін жинау науқанын қарқынды жүргізуде.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жон аймағындағы егіс алқаптарын аралап, науқан барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында «Камила РБР» ЖШС-нің егіс алқабында болды.
Биыл «Камила РБР» ЖШС 120 гектар алқапқа арпа егіп, алғашқы өнімін жинауға кірісті. Қожалық басшыларымен жүздескен аудан басшысы егіннің шығымдылығы, өнім көлемі, ауа райының әсері және алдағы жұмыстардың барысы жөнінде пікір алмасты.
Шаруалардың айтуынша, биыл көктемгі жауын-шашынның мол түсуі егіннің бітік шығуына оң әсер еткен. Нәтижесінде, аталған шаруашылық әр гектардан орта есеппен 15 центнерден өнім алуда.
Жалпы, биыл Созақ ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 107,6 гектарға ұлғайып, 14 746 гектарды құрады.
Егін орағы кезең-кезеңімен жалғасуда. Шаруалар қолайлы ауа райын тиімді пайдаланып, өнімді ысырапсыз жинап алуға күш салуда.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1261654?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version