«Шардара электр желісінде жаңғырту жұмыстары жүргізілді»

Опубликовано:

Автор:

в категории
Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның Шардара электр желісі мекемесі тарапынан электр желілерінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, электр желісіндегі кабельдерді ауыстыру, трансформаторға техникалық қызмет көрсету және май құю жұмыстары орындалуына байланысты электр қуаты уақытша тоқтатылды.
Жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде толық аяқталып, электр желісінің жұмысы қайта қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта тұрғындарға электр энергиясы қалыпты режимде берілуде.
Электр желілеріндегі ақаулардың алдын алу, сенімділікті арттыру және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
“Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-гі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1262162?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version