АБАЙ: Жастар Заң мен Тәртіпті таңдайды

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Абай облысы бойынша
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен Астана,
Алматы, Павлодар, Өскемен қалалары мен Абай облысынан келген 13
команданың қатысуымен республикалық «Жайдарман» ойыны өтті.

Қатысушылардың әзілдері заңға бағыну мәдениеті, қаржылық сауаттылық және
қаржы пирамидаларының алдын алу тақырыптарына арналды. Байқау
қорытындысы бойынша Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің студенттік
командасы жеңімпаз атанды. Ал қаржы пирамидалары тақырыбын ерекше
мазмұнда ашқан Абай ауданының «Өнер біраз іс» командасы Департаменттің
арнайы номинациясымен және естелік сыйлығымен марапатталды.

Іс-шараға 500-ден астам көрермен қатысып, республикалық бұқаралық
ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Біз құқық бұзушылықтардың алдын
алу мақсатында жастармен бір толқында болып, олар үшін түсінікті әрі
тиімді заманауи форматтарды қолдануды жалғастырамыз.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1260945?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *