1–3 шілде аралығында Семей қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің жас қызметкерлерінің слеті өтті. Іс-шараға Алматы қаласы, Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарынан 50-ден астам жас қызметкер қатысты.
Қорытынды күні қатысушылар білім беру бағдарламасын жалғастырып, экономикалық қылмыстарды тергеп-тексеру бойынша сәтті кейстерді талқылап, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, «Ақылды тергеуші» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерімен және виртуалды активтерді пайдалана отырып қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтаудың заманауи талдау тәсілдерімен танысты.
Сондай-ақ Агенттік басшылығымен ашық диалог ұйымдастырылды. Жас қызметкерлер Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовке және кадр қызметінің басшысы Данияр Тұрғанбаевқа өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қою мүмкіндігіне ие болды.
Слеттің жабылу рәсімі салтанатты түрде өтіп, мерекелік түскі аспен және естелік суретке түсумен аяқталды. Іс-шара жас қызметкерлерге жаңа білім, кәсіби байланыстар және жарқын әсер сыйлады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1261025?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ